"Дөңгелегі өртенген": Қостанай-Астана бағытындағы Qazaq Air ұшағы ақауға байланысты әуежайға қайтарылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ бортында ресейлік Ura.ru басылымының тілшісі де болған. Журналистің айтуынша, Қостанай әуежайында ұшақ көтерілмек болған сәтте оның дөңгелегі өртене бастаған.

“Ұшақ көтерілмек болып қозғалып, кенет тоқтай бастады. Мен дәл осы дөңгелектің жанында отырдым, тоқтау кезінде жалын шығып, дөңгелек өртене бастады”, – деп жазды ресейлік журналист.

“Жолаушылар жылап, жақындарына қоштасу хатын жазды”: Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Әуе компанияның баспасөз қызметі де жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. 

“Ұшақта техникалық ақау анықталды, сол себепті ұшу процесі тоқтатылды. Кейбір жолаушылар дөңгелек бөлігі аумағында қысқа жарық шамдарын байқағанын атап өтті, бұл техникалық тексеріс барысында ескеріледі. Әуе компаниясының техникалық тобы ақауды тексеру және жою үшін Қостанай әуежайына жіберілді”, – делінген хабарламада. 

Компания жолаушыларға қонақүйде орналастыру, билет ақшасының толық қайтарымы немесе басқа рейске айырбастау мүмкіндігі ұсынылғанын атап өтті.