Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2025 жылы Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген.
"Бұл жай ғана статистика емес. Әрбір осындай шешім – трансплантаттауды күтіп отырған бірнеше адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы алғанда, соңғы үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа саналы түрде келісім берген азаматтар саны шамамен 3 есеге артты:
2023 жылы – 4 991 адам,
2024 жылы – 7 242 адам,
2025 жылы – 12 671 адам.