Допинг дауына іліккен спортшылар елімізді әлем алдында тағы бір масқаралады


Америкалық “Fox Sport» телеарнасы жасаған кестенің басында Ресей тұр. Теріскейдегі көршілер допинг дауынан кейін бірден 19 олимпиада медалін кері қайтарып берген. Ал одан кейінгі орынға 9 жүлдесінен айырылған Қазақстан орналасыпты. Тізімді ары қарай Беларусь, Украина, Армения жалғастырады. Телеарна мәліметінше допингті ең көп қолданатын спортшылар қатарына зілтеміршілер, жеңіл атлеттер мен балуандар жатады екен. Мәселен, биылдың өзінде Илья Ильин бастаған бір топ ауыр атлеттер мен өзге де спортшыларымыз Бейжің мен Лондонда жеңіп алған медальдарын қайтарып беруі тиіс деген шешім қабылданды.