Допинг дауына ілінген қазақстандық ауыр атлет сотқа талап арыз түсірді

Спорттан шеттетілген қазақстандық ауыр атлет Мария Грабовецкая Лозаннадағы (Швейцария) Спорттық төрелік сотқа талап арыз берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Грабовецкая Бейжің Олимпиадасында «қола» жеңіп алған болатын, дегенмен сегіз жылдан кейін спортшының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті. Сондай-ақ украиналық Ольга Коробка күміс медальден айырылуы мүмкін.


Radio NZ хабарлағандай, шешімге келіспеген Грабовецкая мен Коробка Спорттық төрелік сотқа талап арыз берді. Дегенмен, IWF мәліметінше, екі спортшының да «А» және «Б» сынамаларынан допинг табылған. Грабовецкаяға қатысты соңғы шешім таяу уақытта жарияланады.