Аса тартысты өткен матч 4:5 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Бұл ойында «Знамя» ойыншылары өткен матчтағыдай бірден 3:0 есебімен алға шықты. Айдын иелері есепті қанша қысқартқанымен, тең ойынға да шамасы келмеді. «Ақжайық» сапынан Петр Грибанов екі мәрте қақпаны дәл көздесе, Арыстан Қазыбаев, Еламан Әліпқалиев бір-бірден доп соқты.