Допты хоккей: «Ақжайық» қалған ойындарын өз айдынында өткізеді

22-23 ақпанда оралдықтар Самараның ЦСК ВВС командасын қабылдаса, содан кейін 25-26 ақпанда «Динамо-Қазан-2» клубымен маусымды қорытындылайды.

Осыған дейін «Ақжайық» сырт айдында ойнады. 15-16 ақпанда Саратовта жергілікті «Универсалдан» 1:4 және 3:4 есебімен ұтылса, одан кейін Самарада ұпай олжалады. Мұнда 18 ақпанда ЦСК ВВС командасын 4:1 есебімен ұтса, кеше 5:9 есебімен жеңіліс тапты. «Ақжайық» 13 ұпаймен өз тобында жеті команданың ішінде бұрынғысынша алтыншы орында келеді.