Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасының сағын сындырды

Ойынның 22-минутта «Ақжайықтан» Дмитрий Пономаренко есеп ашқанмен, қалған голдар екінші таймда соғылды. Оралдықтардан Сұлтан Қадыржанов, Самат Аманшин және Петр Грибанов екі мәрте мергендік танытса, қонақтардан Дмитрий Полынский мен Дмитрий Харитонов қос доппен жауап қайырды. Сөйтіп «Ақжайық» 5:2 есебімен кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Қоржынындағы ұпай қоры (32) молая түскен «Ақжайық» 23 қаңтар күні «СКА-Свердловск» командасымен қайта айдынға шығады.