Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, кездесу аса тартысты өтті. Алдымен қонақтардан Петр Грибанов есеп ашқанмен, бұдан кейін айдын иелері үш гол соғып, алға шықты. Дегенмен Максим Өтебалиев пен Сергей Башаевтың көмегімен «Ақжайық» есепті теңестіре алды. Әйтсе де ойын соңында төрешілер оралдықтар қақпасына 12 метрлік айып добын белгілеп, оны Павел Легаев дәл орындады. Сөйтіп «Динамо-Маяк» 4:3 есебімен жеңіске жетті.