Допты хоккей: Қазақстан құрамасы Ресеймен күш сынасады

Кеше ресейліктер айдын иелері Швециядан 5:7 есебімен жеңіліс тауып, топтық сайыста екінші орынды иеленді. Жартылай финалдың екінші жұбы - Швеция мен Финляндия. Жартылай финалда жеңіске жеткендер алтын медальді сарапқа салады, ал ұтылған командалар қола жүлде үшін айдынға шығады.

Топтық сайыста Алексей Никишов, Марат Манғубаев сынды мамандар жаттықтыратын Қазақстан құрамасы аса тартысты өткен матчта ресейліктерден жеңіліп қалған болатын.