ҚР Допты хоккей федерациясының бас хатшысы Владимир Савченко бүгін баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті.
Бұл дүбірлі додаға алғашқы кезде 18 мемлекет қатысады деп жоспарланған болатын. Кейін олардың өтініш бергендері 15-ке дейін азайған еді. В.Савченконың айтуынша, кеше жарысты ұйымдастырушыларға Моңғолия құрамасы да Әлем чемпионатына қатысудан бас тартатынын мәлімдеген. Қонақтардың арасынан дүйсенбі күні Алматыға ең бірінші боп Ресей спортшылары келген еді. Ертең енді олардың қатарына Швеция құрамасы қосылмақ. Өткен жылы Әлем чемпионы атанған ресейліктердің бас бапкері Сергей Фирсовтың пайымдауынша, биыл басты қарсыласы шведтер болмақ. Сондай-ақ өткен жылғы күміс жүлдегер саналатын Финляндия мен жарыс қожайыны саналатын Қазақстан құрамалары да негізгі үміткерлер болып отыр.