Допты хоккейден Моңғолия-Қырғызстан құрамаларының кездесуі аяқталды


Ойынның екінші минутында-ақ тізгінді алған Моңғол бендишілері бірінші кезең қорытындысы бойынша 13:0, екінші кезең бойынша 4:2 есебімен жеңіске жетті. Ертең Қырғыз құрамасы Қазақстан құрамасымен кездеседі. 4 ақпан күні Моңғолия-Қазақстан кездесуі өтсе, 6 ақпан күні ақтық айқастар өткізілетін болады.