Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы алғашқы кездесулерін өткізді

Өкінішке қарай, маусымның беташар ойынында күн жылынып, мұздың ойылып кетуіне байланысты хоккейшілер шеберліктерін көрсете алмады. Мұнда Михаил Разумовский соққан жалғыз доп қонақтарға жеңіс әперді. Есесіне екінші күнгі матчта айдын иелері өз деңгейлерінің жоғары екендігін дәлелдей біліп, 7:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында «Ақжайықтан» Петр Грибанов пен Алексей Сердюк екі доптан соғып, көзге түсті.

«Ақжайық» келесі кездесулерін 18-19 желтоқсанда Димитровградта жергілікті «Черемшанмен» өткізеді.