Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» өз тобында әзірше үшінші орында келеді

Алғашқы матч 2:2 есебімен тең аяқталса, екінші ойында оралдықтар 6:0 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайық» 21-22 желтоқсанда осы топта 12 ұпаймен көш бастап келе жатқан Димитровградтың «Черемшанымен» сырт айдында күш сынасады. Саратовтың «Универсалы» 9 ұпаймен екінші орынға шықса, оралдықтар 7 ұпаймен әзірге үшінші сатыда келеді.