Допты хоккейден Қазақстан құрамасы норвегиялықтарды ірі есеппен ұтты


Қазақстандықтар 7:2 есебімен ұтып, айқын басымдылық танытты. Бұл жүлделі орындар үшін таласатын үздік төрт команданың қатарынан табылуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Алексей Никишов пен Александр Ионкин жаттықтыратын қазақстандықтар енді АҚШ, Ресей, Швеция, Финляндия құрамаларымен күш сынасады.