Айта кетерлігі қос құрама ойыны тұман мен қардың салдарынан аса қолайсыз жағдайда өткізілді. Ойын басталар алдында кездесуді кейінге шегеру мәселесі де талқыланған болатын. Алайда ойындарға төрелік айтушы Халықаралық бенди федерациясының (FIB) техникалық делегаты Валерий Мозгов қар мен тұманға қарамастан кездесуді уақытында бастау туралы шешім шығарды. Ол сондай-ақ техникалық мамандарға қолайлы болуы үшін сайысты 30 минуттан 3 кезеңге бөліп өткізуді шешті.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан кездесу сәтті өтті. Қазақстандық Рауан Исалиев ойынның бірінші минутында-ақ қарсыластар қақпасына доп соқты. Жалпы, қорытынды бойынша бірінші кезең 9:0, екінші кезең 10:0, үшінші кезең 2:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Ойындар ертең де жалғасады. Онда Қазақстан құрамасы Моңғолия бендишілерімен кездеседі. Естеріңізге сала кетейік, кеше Моңғол құрамасы Қырғызстан бендишілерін 17:2 есебімен ойсырата ұтқан болатын.