""Дордой" операциясы кезінде 500 млн теңгеден асатын, салмағы 1,5 мың тонна Қытай Халық Республикасында шығарылған түрлі тұтыну тауарлары тиелген 80 үлкен жүк көлігі ұсталды. Осыған орай экономикалық контрабандаға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды, оның біреуі заңсыз кәсіпкерлік бойынша қылмыстық іс", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Кеденшілердің ақпараты бойынша "Айша Бибі" кеден бекеті қызметкерінің өз жұмысына салғырттықпен қарауына байланысты бір қылмыстық іс қозғалып, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушы 24 тұлға әкімшіліктік жауапқа тартылды.
Бұл операцияны өткізудегі мақсат - шұғыл іздестіру шаралары мен кешенді тексерулерді өткізу, Қырғызстан аумағынан Қазақстанға контрабандалық тауарлар мен көліктердің өтуіне тосқауыл қою, қазақ-қырғыз шекарасында бақылауға алынбайтын учаскелеріндегі мүмкіндік пен жағдайды зерттеп, ұйымдасқан қылмыстық топтардың іс қимылдарына қарсы тұру, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.