«Дос балам зорлап кетті»: 18 жастағы бойжеткен сұмдық жағдайдың басын ашты

«Жасым – 18-де. 1 жыл бұрын мені дос балам зорлап кетті. Мен ешкімге айтпадым. Қатты қорқамын. 

Ертеңгі күні тұрмысқа шықсам не болады? Гинекологқа қаралайын десем ұяламын. Не істесем болады? Күнде ойлаймын. Қиналып кеттім»,  – деген ол көпшіліктен кеңес сұрады. 

Ал желі  қолданушылары арыз жазуға әлі де кеш емес екенін айтып, гинекологқа баруға кеңес берді.