Досхан Жолжақсынов ән айтып, әйелін жылатты

Жолжақсынов Төреғали  Төреәлінің орындауындағы «Найзағай болып» әнін айтқан, деп жазады Caravan.kz.

Видеоның ғаламторға салынғанына үш ай болғанымен, ол енді ғана қалың көпшілікке танымал бола бастаған сияқты. Онда аталған әнді актер орындай бастағанда, Қарагөз Сүлейменова қатты толқып, көзіне жас алады. Кейінірек күйеуімен қосылып билей жөнеледі.