«Дос-Мұқасан» ансамбліне таяуда ғана орнатылған ескерткіш қиратыла бастады

«Дос-Мұқасан» белгілі вокалды-аспапты ансамбліне мүсіндік композиция бір апта бұрын қала күніне орай жаңа ретро-саябақта ашылған болатын. Бірақ бірнеше күннен кейін-ақ вандалдар барабан таяқшаларын сындырып, өзге музыкалық аспаптарға зақым келтірген.

Саябақ қызметкерлері композицияны барынша қорғауға тырысуда, олар ескерткіштің айналасына темір турникеттер орнатып, ленталар тартып қойған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жаңа ретро-саябақта ескерткіштің ашылуына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, «Дос-Мұқасан» ансаблінің мүшелері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Қолдарына аспаптар ұстаған алты музыканттың қоладан жасалған мүсіндік композициясының авторы Бақытбек Мұхамеджанов.