"Дос-Мұқасан" ансамблінің бір мүшесі өмірден озды


Қайғылы хабар туралы "Дос-Мұқасан" тобының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Александр Литвинов Михайлович өмірден озды. Ол – "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы. Оның балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын бейнесімен сақталады" делінген жазбада.