«Дос-Мұқасан» ансамблінің мүшесі Бахытжан Жұмаділовты еске алуға арналған қайырымдылық концерт өтеді


Концертке «Дос-Мұқасан» ансамблімен қатар, қазақ эстардасының белгілі әншілері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Әлібек Дінішев, Алтынбек Қоразбаев, Толқын Забирова, Жеңіс Сейдоллаұлы мен «Мұз-Арт» тобы қатысады. Кештен түскен қаражат белгілі композитор, әншіге ескерткіш орнатуға жұмсалмақ.