«Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ол билік өкілін кемсітті деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Мұрат Құсайыновқа қатысты ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігіне (Билік өкілін кемсіту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Негізгі сот отырысы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотында өтеді.