Досқалиев ісі: ДСМ-ның бұрынғы жауапты хатшысы жауапкершіліктен босатылды


Бұл іс бойынша Садықов пен оның бұрынғы басшысы Жақсылық Досқалиевке талапқа сай емес нысанды пайдалануға берді деген айып тағылған болатын. Өйткені олар Жәдел дәрігерлік жәрдем ғылыми зерттеу институтының құрылыс сапасын бақылауға жауапты болған. Тексеру нәтижесінде комиссия көптеген кемшіліктерді анықтады. Соған қарамастан нысан пайдалануға берілді. Бірақ сот барысында айыпталушылардың кінәлары толығымен дәлелденбеді. Сондықтан прокурор дәл осы оқиға бойынша таққан айыптан бас тартты. Заңға сәйкес жауапты хатшы ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Сондықтан Болат Садықов бірден бостандыққа жіберілді. Сонымен қатар, Досқалиев ісі тағы бір эпизод, яғни “телемедицина” бойынша қосымша тергелетін болды. Экс-министр бірінші кезекте медициналық академияны басқарғанда, сол жердегі заңсыз құрылысқа жол беріп, ірі көлемде пара алған деп айыпталуда.