Достастық елдері тәжік-ауған шекарасын нығайтуға көмек бермек


Тәжікстанға ықпал ету туралы жоғары деңгейде бекітілуге тиіс шешімнің жобасын дайындады.

"Біз Тәжікстанның тәжік-ауған шекарасының шекаралық қауіпсіздігін күшейту үшін ТМД тарапынан жүйелі көмек көрсету туралы жасаған ұсынысымен келістік. ТМД сыртқы шекарасының бұл ең қауіпті жері .Сол себепті алда аталмыш елдерде талқыланып, одан әрі мемлекет басшылары қол қою үшін осы мәселеге қатысты шешімнің жобасын ұсынып отырмыз", деді ТМД СІМ Кеңесінің нәтижелері бойынша Мәскеуде баспасөз мәслихатында Беларуссия СІМ басшысы Владимир Макей.