Мамандардың айтуынша, Өзбекстан өкілдері "Югводхоз" РМК -ына хат жолдап, онда "жіберілетін су көлемі секундына 85 текше метрге жеткізіледі, ол кестеге сай деп сендіреді".
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 18 шілдеде вице-премьер Өмірзақ Шүкеев Өзбекстан үкімет басшысының орынбасары Рустам Азимовқа Өзбекстан жағының Қазақстанға су транзиті бойынша жүктеп алған мәіндеттемесін орындамай отыруының залал-зардабын ескертіп үкіметтік жеделхат жіберген.