Бұл туралы қаржы полициясының бапасөз қызметінен хабарлады.
Застава бастығы еліміздің Қылмыстық кодексінің 24 және 209-баптарында қарастырылған қылмысты, яғни экономикалық контрабанданы жүзеге асырғаны үшін айыпталуда.
Қаржы полицейлері осы жылдың ақпан айында ол бір топ адамдармен келіскен түрде кедендік күзет орнының айналма жолына 2,2 млн. теңге сома тұратын «Орифлейм» опа-далабы және иіссуі салынған үш қорапты алып өтуге тырысқан деп хабарлайды.