Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Айдос! Сіз бен біздің кімнің нағыз «пацан» екендігі туралы түсінігіміз мүлдем басқаша. (ақыр көше тіліне ауысуды ұйғарған екенсіз).
Мен үшін нағыз жігіт – бұл өз ойын ашық айтатын, айтқан сөзіне жауап беретін және соған қарамастан өз дегенімен өмір сүретін адам. Біреулер айтты екен деп флюгер сияқты ұстанымын өзгерте бермейді.
«Пацан» деген депутаттық белгі сияқты киімге іліп алатын медаль емес. Сондықтан мән-жайларға байланысты мағынасын жоғалтқан сөздерді текке қолдана бермеңіз.
Егер шынымен нағыз «балаболдарды» тапқыңыз келсе, алдымен айнаға барып қараңыз, содан кейін билік дәліздерімен жүріңіз, сонда сіз жылдар бойы салық төлеушілер есебінен елді жарқын болашаққа жетелеймін деп уәде беріп, керісінше елді тұңғиыққа жетелеген балаболдарды кездестіресіз
Бұл жолы Forbes.kz YouTube арнасындағы соңғы сұхбатым ұнамай қалған секілді.
Сіздің көп оқыған адам екеніңізді білем және Дени Дидроның айтқаны есіңізде шығар: «Шындық сынды жақсы көреді, одан тек пайда көреді; өтірік сыннан қорқады, өйткені ол одан жеңіледі».