Бұл туралы әнші Шахаризат Сейдахмет Tik tok желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Досымжан ағаның екінші отбасы мүлдем қазақи емес екен", - дейді Шахаризат.
Әнші Досымжан Таңатаров оған "За то баламыз қазақи", - деп жауап береді.
Кейін белгілі болғандай, бұл әншінің ешқандай да екінші отбасы емес, жаңа бейнебаянның түсірілімі екен. Дегенмен көпшілік бұл нұсқаға сенгісі келмей, таңданыстарын білдіріп жатыр.
"Басқа басқа Досымжан ағадан күтпеп едім мұндайды", "Біреудің отбасында нелерің бар, үйленсе үйлене берсін", "Бастысы қазақи болсыншы", деп жазды оқырмандар.