Досының үйіне ұрлыққа түсіп, айыпты болды


деп хабарлады Кентау қалалық сотының баспасөз қызметінен.  Ол 6 шілде 2014 жылы сағат 03:50 шамасында танысының пәтеріне барып, ешкім жоқ екеніне көзі жеткесін, терезесін сындырып кірген.  

Үйге заңсыз кіріп, жәбірленушінің жалпы құны 42 000 теңгеге бағаланатын заттарын ұрлап кеткен. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін ол кінәлі деп танылды.

Алайда, Қылмыстық Кодексінің 67-бабының 1-бөлігінің талабына сай, жәбірленушімен татуласуына, келтірілген зиянның орнын толтыруына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.