Біз Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Елімізде биыл ресми статистика бойынша денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің оң үрдісі байқалады. Мәселен, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халықтың жалпы өлім-жітімі 28 пайызға төмендеді. Бұл ретте қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішінің шамамен 32 пайызға, обырдан – 9 пайызға, жарақаттан – 4 пайызға, тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім – 33 пайызға, ал туберкулезден болатын өлім-жітімнің 17 пайызға төмендегені байқалады, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар, министр өзекті проблемаға айналған ана мен бала өліміне де тіркелді.
Биыл ана өлім-жітімі 3,5 есеге төмендеді. Айта кетерлігі, 2021 жылы – 174 жағдай, 2022 жылы – 49 жағдай тіркелген болатын. Нәресте өлім-жітімінің абсолюттік саны 200-ден астам балаға азайып отыр, - деді Ажар Ғиният.