ДСМ Қалашы ауылындағы энцефалопатия індетінің өршу себептерін анықтау үшін шетелдік мамандардың көмегіне жүгінуге дайын

«Қалашыда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі шыққан кезде хабарлаймыз. Қажетіне қарай тиісті мамандарды шақырып, комиссия құрамын кеңейтіп отырамыз», - деді Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова сейсенбі күні журналистерге.

Оның айтуынша, індеттің таралуына әртүрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін. Қажет болса, министрлік шетелдік мамандардың көмегіне жүгінеді.

Журналистердің «зерттеу нәтижесі неге ұзаққа созылды?» деген сұрағына ол: «Сіздер қалай ойлап едіңіздер?Бұл зерттеу ғой. Зертханалық талдаулар бір күнде жасала қоймайды. Бір ай уақытта талап ететін зерттеулер де бар» деп жауап берді.

Осыдан бірер күн бұрын аталған ауруға шалдықты деген күдікпен Қалашының 23 жастағы тұрғыны ауруханаға жеткізілді.


Бір жылдың ішінде энцефалопатия симптомдарын байқаған 35 адам дәрігерлерге қаралған.