ДСМ: су басқан өңірлердегі эпиджағдай ерекше бақылауда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ел аумағында су тасқынына тән инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді. Судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Су тасқыны кезінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу және су басқан учаскелерде аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету үшін өңірлерге Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары жіберілді.

Өңірлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.