Дубайда әлемдегі ең биік тұрғын үй өртке оранды


79 этажды тұрғын үйдің шамамен 50-ші қабатында өрт шыққаны әлеуметтік желілерде жария етілген.

ВВС агенттігінің хабарлауынша, желдің күштілігі тұтанған өртті одан сайын өршітті.

Тұрғын үй осыдан төрт жыл бұрын пайдалануға берілді. Оның биіктігі 336 метр.

Зардап шеккендер және өрттің шығу себебі әзір анықталған жоқ.