Дубайда Құран бағы ашылады


Қасиетті бақтың ерекшеліктеріне тоқтала кетсек, мұнда Құранда аталған 54 өсімдік түрі өсірілетін ғажайып Ислам бағы болады. Қонақтар бақтан ғаламшардан жойылып кеткен үш түрлі өсімдікті ғана көре алмайды.

Сондай-ақ бақ меймандары бұл өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы мәліметтерге қаныға алады. Сонымен қатар келушілер Құран аяттарын тыңдап, Құран тарихы туралы бейнематериалдарды тамашалай алады.

Дубайдағы ғажайып саябақ құрылысына 7,3 млн доллар жұмсалған. Бұған қоса, мұнда балалардың ойын алаңы, ашық аспан астындағы театр, жүгіруге және велосипед тебуге арналған алаңқайлар болады.