Дубайға 3D саяхат жасағыңыз келсе...


Әлем тұрғындарына арналған ерекше жобаны Біріккен Араб Әмірліктері бір жарым жыл дайындаған. Дубайдың тамаша келбетін 360 градуста көрсететін виртуалды саяхатты интернет арқылы іске асырылады.

Dubai360 атауымен шыққан жаңа жобаға 1,3 мың панорамалы фото-бейнероликтер енгізілген. Интерактивті турда елдің мәдени құндылықтарымен, санжұлдызды мейманханалармен, көлік құрылымдары және әуежайларымен жақынырақ танысуға болады. Ал қала келбетін шынайы көрсету үшін онда 500 мыңнан аса суреттер жүктелген.