Өнер иесі жүрек-қан тамырларына қатысты мәселеге байланысты дәрігерлердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында айтып, қазіргі жағдайы жайлы жазба жариялады. Оның сөзінше, бүгін Шымкент қаласында ән кешіне қатысуы керек болған. Алайда денсаулығына байланысты жоспарланған шараға бара алмаған.
«Бүгін Шымкентке ән кешіне баруым керек еді. Жүрек қан тамырларының бітеліп, дәрігерлердің көмегімен жансақтау бөлімінен палатаға ауыстым. Алмат Егізеков досым басқарған ұжымға мың алғыс! Дұғада болайық», – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.
Өнер иесінің бұл жазбасына желі қолданушылары мен әріптестері алаңдап, оған қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.
«Аттай шауып кет, қасыңдамыз», «Алла шипа берсін», «Аға, ауырмаңыз. Құлан-таза жазылып кетіңіз», «Ем болсын, сауығып кетіңіз», – деп жазды олар.