Дүйсенбі күні ауа райы қандай болмақ?


Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында түнде кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.