Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде кей жерлерде жауынды болады

Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола, Солтүстік  Қазақстан, түнде және күндіз Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Маңғыстау облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетіп, күн күркірейді.

Қостанай облысында түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі, таңертең және күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.


Республиканың батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.