"Дүйсенбі жұмыс күні болуы тиіс": Тоқаев мереке күндеріне қатысты тәртіпті қайта қарауды тапсырды

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырды.

Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Үкіметке және президент әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Келесі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс", - деп жазды президент.