Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал

Жамбыл облысында түнде кей жерлерінде тұман, желдің 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде кей жерлерде найзағай болады, кей жерлерде шаңды дауылмен қатар желдің екпіні 15-20, күшейіп 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Атырау облысында екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.


Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градусқа дейін суытады.