Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл, болуы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, қатты жел соғады. Түнде Қызылорда облысының кей жерелрінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Маңғыстау,  Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде де жел 15-20 м/с күшейеді.


Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтілуде.