Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түседі, желдің екпіні – 15-20 м/с, түнде кей жерлерде тұман.

Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жауады, Павлодар, Қарағанды облыстарында – желдің екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні – 18 м/с.


Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.