«Қазақ елі» анимациялық фильмін көпшіліктің назарына ұялмай ұсына аламыз. Егер ұялатын жерлері болса, таныстырылымға келе қоймас едім. Бұл жігіттердің анимациялық фильмді түсірудегі шеберліктеріне риза болып отырмын. Осы фильмге шетелден қызығушылық байқалуда», - деп тоқталды драматург.
Осы орайда фильмнің ұтатын тұстары көп екеніне тоқталған Д. Исабеков, ондағы Керей мен Жәнібектің өсу эволюциясы ерекше ұнағанын атап өтті.
«Фильм барысында олардың Отырар кітапханасынан білім алуы, ғұлама ұстаздардың дәрісін тыңдауы, болашақ басқарушылардың қалай болуы керектігі көрсетілген. Яғни, балаларға сабақ алатын жерлері көп. Сондықтан бүгінгі күнмен үндесіп жататын фильм шығардық. Қазақ анимациялық фильміндегі үлкен табыс ретінде таныстырып отырмыз»,-деді фильмнің әдеби кеңесшісі.
Айта кетейік, фильмнің тарихи кеңесшісі - тарих ғалымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбай. Фильмнің әдеби кеңесші - Дулат Исабеков, режиссері - Батырхан Дәуренбеков, сценарисі - Сағаділдә Үсібәлиев, Бақытжан Құлжабай, композиторы - Руслан Шынықұлов, қоюшы суретшісі - Азамат Ерназаров, фильмнің директоры - Нуриддин Паттеев, бас продюссері - Сәбит Әбдіқалықов.