Дулат Исабековтің 70 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі мәреге жетті

Фестивальге драматург Д.Исабековтың пьесалары бойынша сахналанған қойылымдармен 12 театр ұжымы, оның ішінде алты алыс-жақын шет елдердің және алты қазақстандық театр ұжымдары қатысты.

Атап айтқанда: М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры «Жаужүрек» спектаклімен (Алматы қаласы, Қазақстан); М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Сети дьявола» («Тор») спектаклімен (Алматы қаласы, Қазақстан); Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры «Енді қайттік?...» (Шымкент қаласы, Қазақстан); Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры «Памятник» («Ескерткіш») спектаклімен (Алматы қаласы, Қазақстан); Омбы мемлекеттік драмалық «Бесінші театры» «Транзитный пассажир» («Ескі үйдегі екі кездесу») спектаклімен (Омбы қаласы, Ресей Федерациясы); Васильевскидегі Санкт-Петербург драма театры «Фестиваль певчих птиц» («Құстар фестивалі») спектаклімен (Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы);
К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры «Наследники» («Мұрагерлер») спектаклімен (Қарағанды қаласы, Қазақстан); Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры «Наследники» («Мұрагерлер») спектаклімен (Алматы қаласы, Қазақстан); Измир мемлекеттік театры «Наследники» («Мұрагерлер») спектаклімен (Измир қаласы, Түркия); В.Маяковский атындағы мемлекеттік орыс драма театры «Транзитный пассажир» («Ескі үйдегі екі кездесу») спектаклімен (Душанбе қаласы, Тәжікстан); Стерлитамак мемлекеттік башқұрт драма театры «Апай» («Әпке») спектаклімен (Стерлитамак қаласы, Ресей Федерациясы, Башқұртстан); «Провокация» театры «Актриса» спектаклімен (София қаласы, Болгария) қатысты.

Бір апта бойы көрсетілген фестиваль спектакльдерін Алматы қаласының 7 мыңнан астам көрермені тамашалады.
Қазылар алқасының құрамында:
1) Сығай Әшірбек Төребайұлы - қазылар алқасының төрағасы, театр сыншысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Платиналы Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты, профессор (Қазақстан);
2) Әшімов Асанәлі - театр және кино актёрі, режиссёр, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (Қазақстан);
3) Пивоваров Олег Иванович - театр сыншысы, Ресей Федерациясы еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Театральная жизнь» журналының бас редакторы, Мәскеу журналистері одағының лауреаты, ақпараттандыру халықаралық академиясының академигі (Ресей Федерациясы);
4) Абдужабборов Абдугаффор Садыкович - прозашы, аудармашы, драматург, Санкт-Петербург Халықаралық мәдениет, ғылым және бизнес академиясының құрметті мүшесі, Тәжісктан Көркем академиясының корреспондент мүшесі (Тәжікстан);
5) Исрафилов Рифкат Вакилович - М. Горький атындағы Орынбор мемлекеттік драма театрының көркемдік жетекшісі, Ресей халық әртісі, Ресей Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Ресей Театр қайраткерлері одағының хатшысы (Ресей Федерациясы) сынды белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері жұмыс жасады.

Фестивальдің қорытындысы бойынша жазушы-драматург Д.Исабековтың 70 жылдығына арналған «Исабеков Әлемі» Халықаралық театр фестиваліне қатысқаны үшін барлық қатысушы-театрлар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Қазылар алқасының шешімімен Фестивальдің келесі номинациялары бойынша:
В.Маяковский атындағы мемлекеттік орыс драма театрының (Душанбе қаласы, Тәжікстан) актрисасы Марина Ярмолик Д.Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» спектакліндегі «Зейнеп роліне психологиялық мағына бергені үшін» номинациясы сыйлығымен;
Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының (Алматы қаласы, Қазақстан) актері Роман Цой Д.Исабековтың «Мұрагерлер» спектакліндегі Сызганов ролі үшін «Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі» сыйлығымен;
Стерлитамак мемлекеттік башқұрт драма театрының (Стерлитамак қаласы, Ресей Федерациясы, Башқұртстан) актрисасы Гульфия Мурзагильдина Д.Исабековтың «Әпке» спектакліндегі Нәзилә ролі
үшін «Ең үздік екінші пландағы әйел ролі» сыйлығымен;
Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының (Алматы қаласы, Қазақстан) актрисасы Мария Коваленко Д.Исабековтың «Ескерткіш» спектакліндегі Есіркепова ролі үшін «Ең үздік екінші пландағы әйел ролі» сыйлығымен;
Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының (Шымкен қаласы,
Қазақстан) актрисасы Нұржамал Қаламбаева Д.Исабековтың «Енді қайттік?» спектакліндегі Мәрзия ролі үшін «Ең үздік екінші пландағы әйел ролі» сыйлығымен;
«Провокация» театрының (София қаласы, Болгария) актрисасы Анна Петрова Д.Исабековтың «Актриса» спектакліндегі Айгүл ролі үшін «Ең үздік әйел ролі» сыйлығымен;
Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының (Алматы қаласы, Қазақстан) актрисасы Галина Ким Д.Исабековтың «Мұрагерлер» спектакліндегі Салиха ролі үшін «Ең үздік әйел ролі» сыйлығымен;
К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрының (Қарағанды қаласы, Қазақстан) актрисасы Ирина Немцева (Городкова) Д.Исабековтың «Мұрагерлер» спектакліндегі Салиха ролі үшін «Ең үздік әйел ролі» сыйлығымен;
Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының (Алматы қаласы, Қазақстан) актері Тахир Восилов Д.Исабековтың «Мұрагерлер» спектакліндегі Әштен ролі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі» сыйлығымен;
М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Алматы қаласы, Қазақстан) «Д.Исабековтың «Тор» спектаклінің творчестволық сахналық ұзақ ғұмыры үшін» сыйлығымен;
Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының(Шымкент қаласы, Қазақстан) режиссері Ерғали Оразымбетов Д.Исабековтың «Енді қайттік?» спектаклі үшін «Спектакльдің режиссерлік құрылымы» сыйлығымен;
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Қазылар алқасының арнайы сыйлығымен марапатталды.