Құтқарушылар бірден тұрғын үйдің ауласын қоршауға алып әуелі шатырды орнына қоймақшы болыпты. Кейін халыққа зақым келтірер деп мүлдем алып тастады. Енді 20 пәтердің иесі үйдің төбесін өз қаржыларына қалпына келтірмек. Өйткені, тұрғындар оны белгісіз біреулерге әрқайсысы 50 мың теңге беріп жасатыпты. Жұмысшылардың салғырттығынан оны қайта жөндеп, шығынданғалы жатыр.
Жанғали Аяпов, Шымкент қалалық ТЖД аға инженері:
- Құрылыс барысында мына темір шифрларды қаққан кезінде шегемен қатырылған. Негізінде бұл өзінің арнайы қатырылатын шруптары болады. Соны ескермеген басында және осыны басында тұрып қабылдап алатын адам болған кезде мұндай жағдай болмас еді.