Жуалы және Жамбыл аудандарында электр сымдары үзіліп, мыңға жуық тұрғын жарықсыз отыр. Ал Сарысу және Талас аудандары жұртын секундына 30 метрге дейін соққан жел есеңгіретіп тастады. Мұнда 15 әлеуметтік нысан мен сегіз көпқабатты үй шатырсыз қалған. Төбе жабындылары қираған ғимараттардың көбі екі жыл бұрынғы апаттан кейін жаңаланған. Сонда да дауылға төтеп бере алмады. Мәліметтерге қарағанда, Қаратау қаласы мен оның айналасындағы бірнеше елді-мекеннің мыңнан аса тұрғыны әлі күнге қараңғы түнекте отыр. Күшті жел Шуда да әлек салды. Үлкен ғимараттың шатыры ұшып, жер үйлерді басып қалған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Сондай-ақ, Қарағандылықтарды да дауыл әбігерге түсірді. Қатты жел орталыққа тігілген киіз үйлерді қиратып, мерекенің шырқын бұзды.
Loading...