Дүниежүзілік бокс қауымдастығы Геннадий Головкин мен Дмитрий Пирогтың жекпе-жегін мақұлдады

деп хабарлайды Vesti.kz Worldboxingnews.net-ке сілтеме жасап.

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Головкин мен осы салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Пирог арасындағы жекпе-жек АҚШ-та 25 тамызда өтеді деп жоспарлануда. Айқас WBA чемпионы атағы үшін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын кезекті рет осыдан бір ай бұрын қорғаған болатын. Ол жолы қазақстандық боксшы 28 жастағы жапондық Макото Фучигамиді техникалық нокаутпен тізе бүктірген.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2006 жылдың 6 мамырында өткізген еді. Содан бері рингке 23 рет шығып, барлығында жеңіске жетті. Оның ішінде 20 қарсыласын нокауатпен тізе бүктірді.

Дмитрий Пирог кәсіпқой боксқа 2005 жылы бет бұрып, бүгінге дейін 20 жекпе-жек өткізген. Ол да әлі жеңіліп көрген жоқ. Жиырма кездесудің 15-інде қарсыласын нокаутқа түсірген, деп хабарлайды . BAQ.KZ порталы.