Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву мәлім етті.
«Жақын арада WSB-ге жаңа командалар қосылатындығын хабарлағым келеді, оның ішінде Куба командасы да бар. Менің ойымша, бұл AIBA-ға қосымша қуат бере түседі», - деп атап өтті «Астана арландары» мен «Украиналық атамандардың» WSB үшінші маусымының финалдық кездесуіне қатысқан Чинг-Куо Ву.
Бұл ретте, AIBA басшысының айтуынша, WSB-ге қатысушылардың саны өзгеріссіз қалады - 12 команда.
Жартылай кәсіпқой бокс лигасы АІВА-ға қарасты әуесқой-боксшыларға арналған Халықаралық бокс қауымдастығы болып табылады. WSB-те 5 салмақтық дәреже бар: аса жеңіл - 54 келіге дейінгі, жеңіл - 61 келіге дейінгі, орташа - 73 келіге дейінгі, жартылай ауыр - 85 еліге дейінгі және ауыр - 91 келіден жоғары. Жұдырықтасу үш минуттық бес раундтан тұрады.