"Мемлекет ана мен баланың өлімін азайтуға бағытталған бірқатар шаралар мен бірқатар құқықтық-нормативтік актілерді жасап жүзеге асырды, осынау кешенді жұмыстардың бір бөлігі Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі және өлі туудың жаңа критерийлеріне көшуге бағытталады. Бұл шара 2008-жылдың 1-қаңтарына межеленіп отыр",- деді Ж.Исмаилов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанда ағымдағы жылдың бес айында ананың өлім көрсеткіші 100 мың тірі туған балаға шаққанда 48,9 болса, 2006-жылдың осы мерзімінде 43,2 болған. Ал баланың өлім көрсеткіші әрбңір тірі туған 1000 балаға шаққанда 15,1 болса, бұл көрсеткіш 2006-жылдың осы мерзімінде 14,5 болған. Балалардың бірінші жылы өлімге душар болуына қатысты жоғары көрсеткіштер Қызылорда (20,4), Маңғыстау (18,8), Оңтүстік Қазақстан (18,7) және Жамбыл (17,9) облыстарында тіркелген.