"2003 жылдан бері Ирак соғысына бөлінген триллион доллар инвестицияның дүниежүзінің экономикасына қалай әсер еткендігі жөнінде дүниежүзінде нақты ортақ түсінік жоқ. Сол себепті, Ирактағы соғыс дүниежүзінің экономикасын дағдарысқа ұшыратуы мүмкін деп мәлімдеме жасау - жалаң пікір болып табылады", - деді Р. Кент.
"Ирактағы проблеманы және жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарысты бір сапқа жатқызды. Алайда, АҚШ ипотекалық дағдарысқа әкелген бұрмалаушылықтар негізінен ішкі бухгалтерия мен аудит есебінен болған", - деп сөзін жалғастырды ол.
"Қазір АҚШ пен Ұлыбританияда болып жатқан жайттардың негізгі себебі айқын әлеуметтік-экономикалық және қаржылық мәліметтерді көре алмауда болып табылады", - деп атап көрсетті ол.
Сонымен қатар ол, Ирактағы текетірестің дүниежүзі экономикасына тигізген әсерін жоққа шығаруға да болмайтынын ескертті. "Ирак соғысы АҚШ үкіметінің Ирактағы соғысқа инвестицияның қаншалықты әсер ететіні туралы мәліметті жасырғысы келгендігін көрсетіп берді. Бұл бюджетте өз салдарын көрсетіп берді. Яғни, мұндай соғыстың экономикалық салдары көрсетілмеген", - деп санайды Р. Кент.
"АҚШ үкіметі, бір жағынан, соғысқа ақша салып отырған, екінші жағынан, ішкі нарықта өсімді және толық қанағаттануды қамтамасыз еткісі келген. Бұл бюджетті жоспарлауда, тіпті әскери шығындарды жоспарлауда әртүрлі қитұрқы әрекеттер көмегімен жүргізіліп келген", - деп сөзін қорытты ол.